Обучалка в Телеграм

Математика, 5 сыныб, Хайдаров Б.Қ., 2015


Математика, 5 сыныб, Хайдаров Б.Қ., 2015.

Учебник по математике для 5 класса на казахском языке.

   Сен осы оку жылында да математикамен танысуды жалғастырасың. Математика мыңцаған жылдар бұрын адам қажеттілігінің өнімі ретінде пайда болған. Оның дамуына ұлы бабаларымыз - шығыстың белгілі ғұламалары, математик ғалымдар үлкен үлес қосқан. Бүгінде ешбір адам математиканы білместен тұрып тұрмысын жақсы дей алмайды. Математика ссған жай есеп-қисапты үйретіп қана қоймастан, ең бастысы - сені логикалық ойлауға, пікірлеуге, өмірлік проблемалардың ең баламалы шешімін табуға көмектеседі, ақылыңцы шарықтайды.
Қолыңдағы бұл оқулық ізгі мақсаттарыңцы жүзеге асыруда саған серік, мінсіз көмекші болады. Одан тек математикаға қатысты мәліметтермен ғана емес, техника, ғылым, қоршаған орта мен күнделікті тұрмысқа қатысты қызықты және пайдалы мәліметтермен танысасың. Бұл мәселелерді түрлі есеп және мысалдармен саған ұсынып отырмыз.

Математика, 5 сыныб, Хайдаров Б.Қ., 2015


Көп таңбалы сандар және олардың оқылуы мен жазылуы.
Натурал сан жазуы бір белгіден (цифрдан) құралған болса, бұл сан бір таңбалы, екі белгіден (цифрдан) құралса екі таңбалы сан деп аталады. Осыған ұқсас натурал сандар жазуындағы белгілер (цифрлар) санына қарап, үш таңбалы, төрт таңбалы, бес таңбалы, тағы сол сияқты сандарды айтуға болады.

Мысалы 1, 3, 6, 9 – бір таңбалы, 19, 22, 87 – екі таңбалы, 307, 976 – үш таңбалы 6717, 4500 – төрт таңбалы, 20 456, 56 001 – бес таңбалы сандар.

Екі және одан көп таңбалы сандар – көп таңбалы сандар деп аталады.
Көп таңбалы сандарды оқу үшін оларды оң жақтан бастап үш-үш цифрдан топтарға бөледі (ең соңғы топта бір немесе екі цифр болуы да мүмкін). Бұл топтарды кластар деп атайды.

МАЗМҰНЫ.
І тарау. Натурал сандар мен шкалалар.
1. Натурал сан түсінігі. Натурал сандардың жазылуы мен оқылуы.
2. Кесінді. Кесіндінің ұзындығы. Үшбұрыш.
3. Жазықтық, түзу сызық және сəуле.
4. Шкалалар жəне координаталар. Сандар сәулесі.
5. Натурал сандарды салыстыру. Үлкен немесе кіші.
6. І тарауға байланысты есептер шығару.
ІІ тарау. Натурал сандарды қосу және азайту.
7. Натурал сандарды қосу және оның қасиеттері.
8. Натурал сандарды азайту және оның қасиеттері.
9. Санды және әріпті өрнектер.
10. Қосу және азайту қасиеттерінің әріпті өрнегі.
11. Теңдеулер.
12. ІІ тарауға байланысты есептер шығару.
ІІІ тарау. Натурал сандарды көбейту және бөлу.
13. Натурал сандарды көбейту және оның қасиеттері.
14. Натурал сандарды бөлу.
15. Қалдықпен бөлу.
16. Өрнектерді ықшамдау.
17. Натурал сандармен төрт амалға есептер шешу.
Амалдарды орындау тәртібі.
18. Санның дәрежесі. Санның квадраты мен кубы.
19. ІІІ тарауға байланысты есептер шығару.
IV тарау. Аудан және көлем.
20. Формулалар.
21. Аудан. Тік төртбұрыш және квадрат ауданының формуласы.
22. Ауданның өлшем бірліктері.
23. Тік бұрышты параллелепипед және куб.
24. Көлем. Көлемнің өлшем бірліктері.
Тік бұрышты параллелепипед өлшемі.
25. IV тарауға байланысты есептер шығару.
V тарау. Жай бөлшектер.
26. Шеңбер және дөңгелек.
27. Үлестер. Жай бөлшектер туралы түсінік.
28. Бөлшектерді салыстыру.
29. Дұрыс және бұрыс бөлшектер.
30. Бірдей бөлімді бөлшектерді қосу мен азайту.
31. Бөлу және бөлшектер.
32. Аралас сандар.
33. Аралас сандарды қосу және азайту.
34. V тарауға байланысты есептер шығару.
35. Ондық бөлшектердің жазылуы мен оқылуы.
36. Ондық бөлшектерді салыстыру.
37. Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
38. Сандардың жуықтау мәні. Сандарды дөңгелектеу.
39. VI тарауға байланысты есептер шығару.
VI тарау. Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу.
40. Ондық бөлшектерді натурал сандарға көбейту.
41. Ондық бөлшектерді натурал сандарға бөлу.
42. Ондық бөлшектерді көбейту.
43. Ондық бөлшекке бөлу.
44. Орташа арифметикалық.
45. VII тарауға байланысты есептер шығару.
VIII тарау. Пайыздар.
46. Пайыздар туралы түсінік.
47. Пайызға қатысты есептер шығару.
48. Бұрыш. Тік және жазық бұрыштар.
49. Бұрышты өлшеу. Транспортир.
50. Дөңгелек диаграмма жəне оларды құру.
51. VIII тарауға байланысты есептер шығару.
ІХ тарау. Қайталау.
52. V сыныпта өткендерді қайталауға арналған есептер.
Жауаптар.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Математика, 5 сыныб, Хайдаров Б.Қ., 2015 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: :: ::


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-12-21 23:09:57