Учебник по экономике для 9 класса на казахском языке.
Фрагмент из книги:
Кәсіпкерлiк базар экономикасына тән қызмет. Базар экономикасы жағдайында кәсіпкерлiк – табиғи, капитал және еңбек факторларымен бiрге өндiрiстiң негiзгi факторына айналады. Өйткенi өндiрiстiң осы iскерлiк факторы қалған үш факторды бiрiктiру мүмкiндiгiн бередi. Кәсіпкерлiк қоғам үшiн қажет, өйткенi бұл қызметтiң нәтижесiнде жаңа, қосымша жұмыс орындары жасалады. Iскерлiк тек тұтынушылар үшiн ғана емес, мемлекет үшiн де қажет әрi пайдалы қызмет. Мемлекет кәсіпкерлiкке кең жол ашып бере отырып, халықты жұмысқа орналастыру, көп тұтынатын тауарлар және қызметтермен қамтамасыз ету мiндетiнен белгiлi бiр мағынада өзiн азат етедi. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтың есебiнен мемлекет қазынасы байиды. Сондықтан мемлекет iскерлiктi жанжақты қолдайды.
