Обучалка в Телеграм

Биология, 10 сынып, Сапаров К., Азимов И., Умаралиева М., 2022


Биология, 10 сынып, Сапаров К., Азимов И., Умаралиева М., 2022.

Книги по биологии для 10 класса на казахском языке.

   Сендер 7 – 9-сыныптардағы оқу барысында биология сабақтарында табиғат туралы көптеген ұғымдармен және терминдермен, заңдылықтармен таныстыңдар. Бұл оқу жылында сендер биологияны үйренуді жалғастырасыңдар. Биология тірі организмдердің түзілуін, өзіндік ерекшелігін, көбеюін, дамуын, шығу тегін, табиғи топтармен және тіршілік ету ортасымен өзара қатынастарды зерттейді. Биологиялық білімдер саған әлемнің ғылыми жаратылысын кеңінен түсініп, болашақта тұлға ретінде қалыптасуың, мамандық таңдауың, ғылыми көзқарасты кеңейтуің, сондай-ақ экологиялық танымға ие болуың үшін негіз жаратады. Бұл оқулық жәрдемінде сен биология сабақтарында және дербес түрде тіршіліктің төменгі деңгейінен жоғары түзілу деңгейіне дейін табиғатқа тұтас жүйе ретінде қарауды, биологиялық түсінік, теориялар мен заңдылықтарды жалпылау, олар арасындағы себеп-салдар тізбегін ортанып бір жүйеге келтіруді үйренесің.

Биология, 10 сынып, Сапаров К., Азимов И., Умаралиева М., 2022


Көмірсулар.
Энергетикалық қызметі. Көмірсулар ферменттердің әсерінен оңай ыдырайды. 1 г көмірсудың толық тотығуынан 4,1 ккал немесе 17,6 кДж энергия бөлінеді. Көмірсулар энергия алмасуда анаэробты және аэробты ортада ыдырау қасиетіне ие. Көмірсулардың аэробты ортада ыдырауынан анаэробты ортада ыдырауына дейін салыстырмалы көп энергия пайда болады.

Қор жинау қызметі. Полисахаридтер тірі организмдер үшін қоректік азық саналады. Өсімдік жасушаларында крахмал, ал жануарлар мен саңырауқұлақтарда гликоген қор күйінде жиналады.

Құрылымдық қызметі. Көмірсулар жасушаның құрылыс материалы ретінде қызмет етеді. Өсімдік жасушалары қабығының нығыз және қатты болуы, оның құрамындағы целлюлозаға байланысты. Жасуша қабығы жасушаның ішкі ортасын қорғайды және жасушаның пішінін сақтайды. Хитін саңырауқұлақ жасушасының қабығы және буынаяқтылардың дене жабына күш береді. Хитін құрамында азот сақтайды. Муреин бактерия жасушасының қабырғасының құрамына кіреді.

МАЗМҰНЫ.
І ТАРАУ. МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ.
1.1. Биология ғылым ретінде.
1.2. Практикалық жаттығу. Тіршіліктің құрылымдық деңгейлерін модельдеу.
1.3. Тірі организмдердің химиялық құрамы.
1.4. Практикалық жаттығу. Судың тірі организмдер үшін маңызы.
1.5. Көмірсулар.
1.6. Липидтер.
1.7. Ақуыздар.
1.8. Практикалық жаттығу. Биологиялық инфографика құру.
1.9. Нуклеин қышқылдары.
1.10. Практикалық жаттығу. ДНҚ және РНҚ құрылымына байланысты есептерді шешу.
II ТАРАУ. ЖАСУША БИОЛОГИЯСЫ.
2.1. Эукариоттық жасуша. Жасуша қабығы.
2.2. Цитоплазма. Жасушаның мембранасыз органоидтары.
2.3. Жасушаның мембраналық органоидтары.
2.4. Зертханалық жұмыс. Жасуша мембранасына температураның әсерін зерттеу.
2.5. Ядро.
2.6. Прокариоттық жасуша.
2.7. Практикалық жаттығу. Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылымын салыстырмалы зерттеу.
2.8. Жасушадағы зат алмасу. Жасушадағы энергия алмасу.
2.9. Практикалық жаттығу. Энергия алмасуға байланысты есептерді шешу.
2.10. Жасушада генетикалық ақпараттың жүзеге асырылуы.
2.11. Практикалық жаттығу. Ақуыз биосинтезі және оны модельдеу.
2.12. Прокариотжәне эукариот жасушалардың бөлінуі.
2.13. Мейоз.
2.14. Зертханалық жұмыс. Митоз процесін микроқұрылғымен зерттеу.
2.15. Практикалық жаттығу. Митоз және мейоз фазаларын салыстыру.
III ТАРАУ. ТІРШІЛІК ПРОЦЕСТЕРІ.
3.1. Организмдердің жыныссыз көбеюі.
3.2. Гаметогенез.
3.3. Организмдердің жынысты көбеюі.
3.4. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік цикліндегі жыныссыз және жынысты ұрпақ алмасуы.
3.5. Практикалық жаттығу. Өсімдіктердің (балдырлар, құрыққұлақ, қырықбуын тұқымдас өсімдік) тіршілік циклінде жыныссыз және жынысты буындардың ұрпақ алмасуын модельдеу.
IV ТАРАУ. ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕРГІШТІК.
4.1. Тұқымқуалаушылық заңдылықтары.
4.2. Практикалық жаттығу. Толық және толымсыз доминанттық бойынша есептерді шешу.
4.3. Практикалық жаттығу. Кодоминанттылық және плейотропияға байланысты есептерді шешу.
4.4. Жыныс генетикасы.
4.5. Белгілердің жынысқа байланысты тұқым қуалауы.
4.6. Практикалық жаттығу. Жыныс генетикасына байланысты есептерді шешу.
4.7. Өзгергіштік.
4.8. Практикалық жатттығу. Модификациялық өзгергіштікті зерттеу.
4.9. Генотиптік өзгергіштіктің түрлері.
4.10. Практикалық жатттығу. Модификациялық және мутациялық өзгергіштіктерді салыстырмалы зерттеу.
V ТАРАУ. ГЕНЕТАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ.
5.1. Генетикалық инженерия.
5.2. Жасушаның тұқым қуалауын өзгерту.
5.3. Биотехнология.
5.4. Практикалық жаттығу. Рестрикциялық сайттарды анықтау мен жеміс шырынын өндіруде пектиназаны пайдалануды үйрену.
VІ ТАРАУ. ЭКОЖҮЙЕ.
6.1. Экожүйенің құрамдық құрылысы.
6.2. Практикалық жаттығу. Экожүйенің құрамдас бөліктерін анықтау.
6.3. Экологиялық факторлар.
6.4. Жобалық жұмыс. Әртүрлі орта жағдайында өсетін өсімдіктердің құрылымын салыстыру.
6.5. Экожүйенің трофикалық құрылымы.
6.6. Практикалық жаттығу. Қоректену тізбегі мен қоректік торға байланысты сызбалар құру және есептерді шешу.
VII ТАРАУ. ЭВОЛЮЦИЯ.
7.1. Эволюцияны қозғаушы факторлар.
7.2. Практикалық жаттығу. Популяциялардың демографиялық көрсеткіштерін Харди-Вайнберг заңы негізінде үйрену.
7.3. Табиғи сұрыпталу.
7.4. Органикалық әлемдегі бейімделулер – эволюция нәтижесі.
7.5. Практикалық жаттығу. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуін үйрену.
7.6. Түрлердің пайда болуы.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Биология, 10 сынып, Сапаров К., Азимов И., Умаралиева М., 2022 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: :: :: :: ::


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-12-17 23:33:32