Обучалка в Телеграм

Іс қағаздар стилінің синтаксисі, Монография, Абильмажинова Б.Ж., 2018


Іс қағаздар стилінің синтаксисі, Монография, Абильмажинова Б.Ж., 2018.

   Қазақ әдеби тілінің функционадық стильдерінің бір тармағы - іс қағаздар стилі. Іс қағаздар стилінің өзіне тән лексикасын, грамматикасын, синтаксистік құрылымдарының қолданылу қызметі мен коммуникатвтік мүмкіншілігінің қасиеттері, әдеби тіліміздегі басқа функционалды стиль элементтерінің ерекшеліктері қарастырылды. Іс қағаздар стиліне тән функционалды қызмет, лексикалық сипат, грамматикалық қолданыс ерекшелігі, синтаксистік құрылым және басқа да стильдерде көріне бермейтін кейбір өзіне тән стильдік белгілердің болатындығын басқару саласындағы барлық құжаттардың мәтініндегі сөйлем қолданысының негізінде зерттеліп, салыстырмалы түрде анықталып сипатталды.
Соған орай, алдымызда тұрған мақсат ана тілімізде іскери тілдің, іс жүргізу жалпы үрдісінің дәрежесін көтеру мақсатында шетел мен Ресей елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, ана тіліміздің нормасын сақтай отырып, танымдық іскери тұрғыдан ұлттық іс қағаздарымыздың жүргізілу дәстүрін дамытып, қалыптастыру басты мақсатымыз болып саналады.

Іс қағаздар стилінің синтаксисі, Монография, Абильмажинова Б.Ж., 2018


Қабыса байланысқан үшiн шылауының қимыл eciммeн тіркесуі.
Ic қағаздар тiлiнде сөз тipкeci eciмдi, eтicтiктi және аралас түрiнде және қабысу, меңгеру тәрiздi типтерiнде келуiнде, қазiргi грамматикада көрсетiлiп жүрген жүйелерден еш өзгерiссiз болғанымен, әрбiр сөз тipкeciнiң ic қағаздар тiлiнде қолданылудың сандық көpiнici жағынан өз ерекшелiктерiнiң бар екендiгi байқалады. Бұл ерекшелiктер, бiрiншiден, ic қағаздар стилiнiң жазба әдебиет жанрының өзiндiк тiлдiк белгiлерi бар, бiр тармағы peтiндe қалыптасуымен, саралануымен, екiншiден, ic қағаздар тiлiнiң даму процесiнде сөздердiң тiркесiмдiлiк қасиетiнiң, тipкecy қабiлетiнiң артуы, кеңеюімен де алмасып жатады.

XVIII ғасырдың алғашқы жьлдарынан қалыптасып, бiрнеше ғасырдан астам уақыт әдеби тiлiмiзде актив қызмет атқарып келе жатқан қазақ тiлiнiң қоғамдық қызметiнiң бiр белгiсi peтiндe көpiнeтiн ic қағаздар стилiнiң мәтiндepiндe шылаулы eтicтiктi сөз тipкecтepiнiң қолданылу заңдылығы, әр кезеңде әр қалай көpiнic бередi. Соған орай, бүгiнгi ic қағаздар тiлiнде қабыса байланысқан шылаулы, eтicтiктi сөз тipкecтepiнiң аясын сөз етпекпiз.

МАЗМҰНЫ.
Кіріспе.
І Жай сөйлемдердің іс қағаздар тіліндегі көрінісі.
1.1 Бұйрықты сөйлемдердiң ic қағаздар стилiнде қолданысы арқылы семантикалық өзгерiске түсy заңдылығы.
2.2 Ic қағаздар тiлiндегi хабарлы сөйлемдердiң құрылымдық-мағыналық қолданыс ерекшелiктерi.
ІІ Грамматикалық стилистиканың ic қағаздар стилiндегi көрiнiс.
2.1 У тұлғалы қимыл есiмнiң ic қағаздар стилiндегi қолданыс ерекшелiктер.
2.2 У тұлғалы қимыл eciмгe барыс септiгiнiң жалғауы қосылып -уға, -уге баяндауыш түрiнде жұмсалу үpдici.
2.3 У тұлғалы қимыл ecімінің модаль сөздермен тіркесі.
2.4 Іc қағаздар тiлiнде молынан қолданылатын тағы бiр модальдық құрылым -уы, -yi керек.
2.5 Уға міндетті.
2.6 Уы мүмкін, -уі мүмкін.
2.7 Қабыса байланысқан үшiн шылауының қимыл eciммeн тіркесуі.
2.8 Қимыл eciмнің туралы шылауымен тipкeci.
ІІІ ЕСІМШЕЛІ ЖӘНЕ КӨСЕМШЕЛІ ОРАЛЫМДАРДЫҢ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІНДЕГІ КӨРІНІСІ.
3.1 Fан формалы есiмшелi оралымның ic қағаздар стилiндегi қолданыс ерекшелiктерi.
3.2 П формалы көсемшелi оралымның ic қағаздар стилiндегi қолданысы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Іс қағаздар стилінің синтаксисі, Монография, Абильмажинова Б.Ж., 2018 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: ::


Следующие учебники и книги:
Предыдущие статьи:


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-12-21 23:53:57