Обучалка в Телеграм

География, 9 сынып, Қаюмов А., Сафаров И., Тілләбаева М., Федорко В., 2019


География, 9 сынып, Қаюмов А., Сафаров И., Тілләбаева М., Федорко В., 2019.

Учебник по географии для 9 класса на казахском языке.
 
   Сен төменгi сыныптарда «Табиғи географияның бастауыш курсы», «Материктер мен мұхиттардың табиғи географиясы», «Орта Азия мен Өзбекстанның табиғи географиясы», «Өзбекстанның экономикалық жəне əлеуметтiк географиясы» курстарында география пəнiнiң негiзгi заңдылықтарымен түбегейлi танысып шықтың. 9-сыныпта оқытылатын «Дүние жүзiнiң экономикалық жəне əлеуметтiк географиясы» курсының экономикаға, саясатқа, мəдениет пен руханиятқа, қысқаша айтқанда, өмiрдiң барлық салаларына дерлiк белгiлi дəрежеде қатысы бар. Аталмыш пəн оқушыларға дүние жүзіне жəне оның кейбір бөліктеріне тəн қайталанбас географиялық ерекшеліктерді көрсететіндігімен, экономикалық-əлеуметтiк даму үдерісі мен заңдылықтары туралы толық мəлiмет беретiндiгiмен маңызды.
Оқулықтың негiзгi мақсаты – Сендерге, қадірлі оқушыларға дүние жүзiнің жəне оның ірі мемлекеттерінiң экономикалық жəне əлеуметтiк географиясына орай заманалық бiлiм беруден, өз бетiмен білім алуға жəне оны іс жүзiнде қолдана бiлуге үйретуден тұрады.

География, 9 сынып, Қаюмов А., Сафаров И., Тілләбаева М., Федорко В., 2019


Мемлекеттердің басқару түрлері жəне мемлекеттік құрылысы.
Басқару түрі, республика, президенттік республика, парламенттік республика, монархия, конституциялық монархия, абсолютті монархия, мемлекеттік құрылыс, унитарлық мемлекет, федеративтік мемлекет. Саяси басқару негізгі екі түрге – республикалық жəне монархиялық басқаруға бөлінеді. Басқарудың бұл түрлері бір-бірінен бірінші кезекте жоғары мемлекеттік билікті қалыптастыру жəне оны сатылы түрде ұзату əдістерімен ерекшеленеді.

Басқарудың республикалық формасы Ертедегi Рим заманынан берi белгiлi болғанмен, оның кеңiнен таралуы ХХ ғасырдың екiншi жартысына тура келедi. 2018 жылғы жағдай бойынша дүние жүзiнің саяси картасында 150 республикалық мемлекет бар. Республикалар негізінен үш түрге бөлінеді: президенттік, парламенттік жəне аралас. Президенттiк республикаларда билiктiң негiзгi өкiлеттiгi президенттiң қолында болады. Үкіметтің (министрлер кабинеті) құрамын мемлекет басшысы қалыптастырады. Кейбір мемлекеттерде президент бір мезгілдің өзінде əрі мемлекеттің, əрі үкіметтің басшысы лауазымдарын қатар иелейді. Президенттiк республикаларға АҚШ, Мексика, Бразилия, Аргентина, Индонезия, Ауғанстан, Беларусь, Қазақстан жəне Өзбекстан сияқты мемлекеттер мысал бола алады. Басқарудың президенттік республика түрінің ең көп тараған жері – Африка жəне Америка құрлықтары.

MАЗМҰНЫ.
Кiрiспе.
I БӨЛIМ. ДҮНИЕ ЖҮЗIНIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
1-ТАРАУ. ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫ.
§1. Дүние жүзiнiң саяси картасы.
§2. Дүние жүзi мемлекеттерінің əлеуметтік-экономикалық даму бойынша сипаттамасы.
§3. Мемлекеттердің басқару түрлері жəне мемлекеттік құрылысы.
2-ТАРАУ. ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ.
§4. Дүние жүзiнiң табиғи ресурстары.
§5. Минерал ресурстар географиясы.
§6. Таусылмайтын жəне қайта тіктелетін табиғи ресурстар географиясы.
§7. Заманалық экологиялық проблемалар.
3-ТАРАУ. ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ ХАЛҚЫ.
§8. Дүние жүзi халқының саны, көбеюi жəне орналасуы.
§9. Дүние жүзі халқының жыныстық, жастық жəне нəсiлдiк құрамы.
§10. Дүние жүзі халқының этникалық жəне діни құрамы.
§11. Дүние жүзі мемлекеттерінің урбанизациясы.
§12. Практикалық сабақ.
4-ТАРАУ. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ.
§13. Дүниежүзiлiк шаруашылық жəне халықаралық еңбек бөлінісі.
§14. Əлемдік экономика орталықтары жəне халықаралық интеграция үдерістері.
§15. Ғылыми-техникалық төңкеріс жəне өндірістің дамуына инновациялық технологиялардың əсері.
§16. Əлемдік энергетика географиясы.
§17. Əлемдік металлургия жəне химия өнеркəсібі географиясы.
§18. Əлемдік машинажасау жəне жеңіл өнеркəсіп географиясы.
§19. Дүние жүзі егіншілігінің географиясы.
§20. Дүние жүзiнiң мал шаруашылығы мен балық шаруашылығының географиясы.
§21. Дүние жүзiлiк көлiк географиясы.
§22. Халықаралық экономикалық байланыстар географиясы.
II БӨЛIМ. ƏЛЕМНIҢ АЙМАҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
5-ТАРАУ. ЕУРОПА МЕМЛЕКЕТТЕРІ.
§23. Еуропаның географиялық орны, шекаралары жəне саяси картасы.
§24. Еуропаның табиғи жағдайы, ресурстары жəне халқы.
§25. Еуропа елдерiнiң экономикасы.
§26. Германия Федеративтік Республикасы.
§27. Ұлыбритания жəне Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі.
§28. Франция Республикасы.
§29. Италия Республикасы.
§30. Ресей Федерациясы.
§31. Ресей Федерациясының шаруашылығы.
6-ТАРАУ. АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ.
§32. Азия құрлығының географиялық орны, шекаралары жəне саяси картасы.
§33. Азия мемлекеттерінің табиғи ресурстары жəне халқы.
§34. Азия мемлекеттерінің экономикалық дамығандығы.
§35. Қазақстан Республикасы.
§36. Қырғызстан Республикасы.
§37. Түрікменстан Республикасы.
§38. Тəжікстан Республикасы.
§39. Практикалық сабақ (Орталық Азия мемлекеттеріне салыстырмалы географиялық сипаттама).
§40. Түркия Республикасы.
§41. Иран, Ауғанстан жəне Пакистан Республикалары.
§42. Қытай Халық Республикасы.
§43. Қытай экономикасы жəне экономикалық аудандары.
§44. Корея Республикасы.
§45. Жапония.
§46. Үндiстан Республикасы.
§47. Парсы шығанағы араб мемлекеттері.
§48. Индонезия, Малайзия жəне Сингапур мемлекеттері.
7-ТАРАУ. АФРИКА, АУСТРАЛИЯ МЕН ОКЕАНИЯ, АМЕРИКА МЕМЛЕКЕТТЕРІ.
§49. Африканың географиялық орны жəне саяси картасы.
§50. Африка мемлекеттерінің халқы мен шаруашылығы.
§51. Оңтүстік Африка Республикасы.
§52. Нигерия Федеративтік Республикасы.
§53. Египет Араб Республикасы.
§54. Аустралия Одағы.
§55. Американың саяси картасы.
§56. Америка Құрама Штаттары.
§57. Америка Құрама Штаттарының шаруашылығы жəне экономикалық аудандары.
§58. Канада.
§59. Бразилия.
§60. Қорытынды қайталау.
ҚОСЫМША.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу География, 9 сынып, Қаюмов А., Сафаров И., Тілләбаева М., Федорко В., 2019 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: :: :: :: :: ::


Следующие учебники и книги:
Предыдущие статьи:


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-12-21 23:32:31