Обучалка в Телеграм

Қазақ тiлi, 9 сыныб, Аманжолов С., Хасенов Ə., Ұйықбаев И., 2019


Қазақ тiлi, 9 сыныб, Аманжолов С., Хасенов Ə., Ұйықбаев И., 2019.

Учебник по казахскому языку для 9 класса на казахском языке.

Фрагмент из книги:
Дүние жүзiнде бес жарым мыңдай тiл бар деседi. Тiл саны бұдан көп болуы да, шамалы аз болуы да мүмкiн. Сондықтан дүниеде қанша тiл бар дегендi əзiрше дəл айту қиын. Өйткенi Африканы, Азияны, Американы, Австралия мен Океанияны мекендеушi толып жатқан жергiлiктi халық тiлi əлi де жете зерттелген жоқ.
Жер шарында көптеген мемлекет бар. Əрбiр мемлекет iшiнде неше түрлi халық болуы мүмкiн. Əр халықтың өз тiлi болады. Олар өз ана тiлiнде де, ана тiлiмен қатар, сол мемлекет iшiнде көп тараған бiрдi-екiлi басқа тiлдерде де сөйлеуi мүмкiн.

Қазақ тiлi, 9 сыныб, Аманжолов С., Хасенов Ə., Ұйықбаев И., 2019


МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚАЗАҚ ТІЛІ.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасындағы негізгі тіл – емлекеттік тіл болуына орай оның қолданылуы, бедел-мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық қатынастар деңгейіне дейін көтеріліп келеді. Қазақ тілі өмір таныту, тəрбие беру, қарым-қатынас жасау құралы екендігі белгілі.Тіпті, елдігіміздің бір белгісі – ұлттық тіліміздің өгейсімей, дұрыс өмір сүруі. Санамалап айтсақ, тілдің атқарар қызметі көп. Оқушыларға тілді үйрете отырып, адамдық болмысын қалыптастыруға, ненің жақсы, ненің жаман екенін салмақтай білуге, бүкіл дүниенің əлемдік қақпасы тіл арқылы ашылатынын ұғындыруға болады. Тіл – достықтың дəнекершісі, ғылым тілі, мəдениет көрсеткіші. Тіл арқылы тарихымызды, өткеніміз бен бүгінімізді, ертеңгі болашағымызды айқындауға болады. Сондықтан əрбір азамат ана тілін жетімсіретпей, босағада отырғызбай, шұбарламай, төрге шығаруға, биікке көтеруге тиіс. Қазіргі қазақ тілі өркендеген мəдениетіміздің, дамыған ғылымның, публицистика мен ресми іс-қағаздарының тілі. Сөздік қоры жағынан мейлінше байыған грамматикалық құрылысы оралымды, түркі тілдерінің ішіндегі ең бай əрі көрнектісі.

Қазақ халқын құраған рулар мен тайпалар тарихқа өте ертеден – бiздiң жыл санауымыздан бұрыннан-ақ мəлiм. Содан бермен қарай бұл тiл халқымыздың қарыштап алға басуының бiрден-бiр қуатты құралы болып келе жатыр. Қазақ тiлi – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға жеткен ұлы мəдени мұра. Сондықтан да қазақ тiлi халқымыздың талай-талай ардагер қайраткерiнiң жыр арқауына айналған.

МАЗМҰНЫ.
ТIЛ ТУРАЛЫ МƏЛIМЕТ.
Тiлдер туралы мағлұмат.
Қазақ тiлi – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тiлi.
Түркi тiлдерiнiң қыпшақ тобы. Қазақ тiлi.
Түркi тiлдерiнiң қарлұқ тобы. Өзбек тiлi.
Өткен материалдардың кейбiр жерлерiн еске түсiрiп, қайталау.
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсiнiк.
Салалас құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемнiң жасалу жолдары туралы түсiнiк.
Салалас құрмалас сөйлемнiң түрлерi. Ыңғайлас салалас.
Қарсылықты салалас.
Түсiндiрмелi салалас.
Себеп-салдар салалас.
Талғаулы салалас.
Кезектес салалас.
Салалас құрмалас сөйлемнiң. Көп құрамды түрлерi.
Салалас құрмаластардың тыныс белгiлерi.
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ.
Сабақтас құрмалас сөйлемнiң жасалу жолдары туралы түсiнiк.
Сабақтас сөйлемнiң түрлерi.
Шартты бағыныңқы сабақтас.
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.
Себеп бағыныңқы сабақтас.
Мезгiл бағыныңқы сабақтас.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.
Мақсат бағыныңқы сабақтас.
Сабақтастардың тыныс белгiлерi.
Көп бағыныңқы сабақтас.
Жарыспалы көп бағыныңқы сабақтас.
Сатылы көп бағыныңқы сабақтас.
Көп басыңқы сабақтас құрмалас.
Аралас құрмалас сөйлем.
Аралас құрмаластың тыныс белгiсi.
ТӨЛ СӨЗ, ТӨЛЕУ СӨЗ.
Төл сөз бен төлеу сөз жайында жалпы түсiнiк.
Төл сөз жəне автор сөзi.
Төл сөз бен автор сөзiнiң орын тəртiбi.
Төл сөздiң тыныс белгiлерi.
Төлеу сөз. Төл сөздi төлеу сөзге айналдыру жолдары.
ТIЛ ҰСТАРТУ.
Тiл ұстарту – стилистиканың бiр тармағы. Тiл ұстартудың ғылыми-практикалық маңызы.
Тiл ұстарту жұмыстарының амал-тəсiлдерi.
Тiл ұстартудың кейбiр шығармашылық түрлерi.
V–IХ СЫНЫПТАРДА ӨТIЛГЕНДЕРДI ЖИНАҚТАП, ЖҮЙЕЛЕУ.
Қазақ тiл бiлiмi жəне оның тараулары мен салалары жөнiнде түсiнiк.
Қазақ тiлiнiң фонетикасы туралы.
Қазақ алфавитi, орфографиясы туралы.
Қазақ орфоэпиясы туралы.
Қазақ тiлiнiң лексикологиясы жəне сөз байлығы жөнiнде ұғымдар.
Тiлдiң актив жəне пассив лексикасы жөнiнде түсiнiк.
Қазақ тiлiнiң грамматикасы жəне оның салалары, тармақтары жөнiндегi түсiнiк.
Сөздiктер жөнiнде түсiнiк.
Тыныс белгiлерiн дұрыс қолданудың негiзгi жолдары.
Сөздiк.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Қазақ тiлi, 9 сыныб, Аманжолов С., Хасенов Ə., Ұйықбаев И., 2019 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: :: :: :: ::


Следующие учебники и книги:
Предыдущие статьи:


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-12-21 23:53:55