Информатика, 5 сыныб, Камолитдинова Д., 2016.
Учебник по информатике для 5 класса на казахском языке.
Ғылым мен техника, əсіресе ақпарат технологиялары жедел қарқынмен дамып келе жатқан бүгінгі таңда əрбір адам өз өмірінде маңызды рөл атқаратын білімдер мен дағдыларға ие болуы керек.
Дербес өмірге батыл қадам басу, айналада болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардан қалып қоймау үшін əрбір оқушы төмендегідей біліктер мен дағдыларды меңгеруге тиіс:
– жаңа білімдерді іздестіру;
– берілген тапсырмаларды, мəселелер мен жаттығуларды орындауды сыныптас достарымен ынтымақтаса отырып жүргізу;
– білімдерді иелеу, тапсырмаларды, мəселелер мен жаттығуларды шешу ісінде компьютерді тиімді пайдалану.
Сендер 5-сыныпта «Информатика» пəнімен алғаш рет танысып отырсыңдар. Енді информатика сабақтарында жаңа ұғымдарды үйренесіңдер, мəселелер мен тапсырмаларды орындау үдерісінде компьютерді ұтымды пайдаланатын боласыңдар.
Информатика пəні айнала төңіректе, сенің көз алдыңда болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды жақсырақ түсініп алуыңа, жаңа білімдерді игеруде саған ең жақын көмекші болып қызмет етеді деп үміттенеміз.
ФАЙЛ ЖƏНЕ ПАПКА ҰҒЫМЫ.
Компьютермен орындалатын барлық амалдарды топтастыра отырып, оларды негізгі үш міндетке бөлуге болады: ақпаратты жинау (жасау немесе енгізу), ақпаратты қайта өңдеу (немесе өзгерту) жəне ақпаратты жеткізу.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін ақпараттар мен бағдарламалар өзіндік тəртіп бойынша компьютердің жадына енгізіледі жəне сақталады.
Файл – ағылшын тілінде құжаттар тігіндісі, мəліметтер тобы деген мағынаны білдіреді. Біз күнделікті өмірде мəліметтерді белгілі бір тəртіп пен ережелерге орай жинақтап, сақтаймыз. Мəселен, сенің сыныбыңдағы əрбір оқушы жөніндегі мəліметтер дербес тігіндіде сақталады (бір тігіндіге бірнеше оқушы жөніндегі мəліметтер араластырылмайды). Нақ осылайша сенің сыныбыңдағы оқушылар жөніндегі мəліметтер жинақталған тігінділер де басқа сыныптардың оқушылары жөніндегі мəліметтер тігіндісімен араластырылмайды.
MАЗМҰНЫ.
Кіріспе.
1-сабақ. Қауіпсіздік техникасы ережелері жəне санитарлық-гигиеналық талаптар.
2-сабақ. Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғылары жəне олардың міндеттері.
3-сабақ. Компьютерді басқару бағдарламалары.
4-сабақ. Файл жəне папка ұғымы.
5-сабақ. Практикалық жаттығу.
6-сабақ. Клавиатурамен танысу.
7-сабақ. Клавиатура тренажеріндегі жаттығулар (машықтар).
8-сабақ. Клавиатура тренажеріндегі жаттығулар (машықтар).
9-сабақ. Компьютердегі калькуляторды пайдалану.
10-сабақ. Paint бағдарламасы туралы.
11-сабақ. Paint жабдықтар панелі жəне оны пайдалану.
12-сабақ. Paintпен амалдар орындау.
13-сабақ. Paint арқылы суреттерді қайта өңдеу.
14-сабақ. Paint бағдарламасында амалдар орындау.
15-сабақ. Компьютерлік ойындар туралы.
16-сабақ. Компьютерлік ойындар.
17-сабақ. Бақылау жұмысы.
Пайдаланылған əдебиеттер.
Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Информатика, 5 сыныб, Камолитдинова Д., 2016 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.
Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу
Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:
Теги: учебник на казахском языке :: информатика :: Камолитдинова :: 5 класс
Смотрите также учебники, книги и учебные материалы:
Следующие учебники и книги:
- Информатика жəне ақпарат технологиялары, 6 сыныб, Болтаев Б., Mахкамов M., Aзаматов A., Рахмонқулова С., 2017
- Информатика жана маалымат технологиялары, 6 класс, Болтаев Б., Maхкамов M., Aзаматов A., Рахманкулова С., 2017
- Informatika, 7 klas, Boltayev B.J., 2017
- Векторная графика для дизайнеров, Гличка В., 2020
Предыдущие статьи:
- Informatika, 5 synp, Kamolitdinowa D., 2016
- Информатика и информационные технологии, учебник для 6 класса, Файзиева М.Р., Сайфуров Д.М., Хайтуллаева Н.С., Турсунова Ф.Р., 2021
- Informatika va axborot texnologiyalari, 8 sinf, Fayziyeva M.R., Sayfurov D.M., 2020
- Informatika va axborot texnologiyalari, 5 sinf, Kаmаltdinova D.T., Sayfurov D.M., 2020