Обучалка в Телеграм

Табиғаттану, 4 сыныб, Бахрамов А.Д., Шарипов Ш., Набиева М., 2017


Tabiatshunoslik, 4 sinf, Bahromov A., Sharipov Sh., Nabiyeva M., 2017.

Учебник по естествознанию языку для 4 класса на казахском языке.

   Жазғы демалыста рақаттанып демалдың. Жаз өзіне тəн ғажайып мезгіл болып табылады. Бұл мезгілде күн ұзақ, ал түн қысқа болады. Күн сəулесi өлкеміз аумағына тіктеу түседі. Сондықтан күн ыстық, аспан бұлтсыз болады.
Жаз — балалардың ең сүйікті мезгілі. Жазда балалар өз теңдестерімен ойнайды, шомылады, табиғат игiлiктерiнен нəр алады. Жазда егiн даласы мен бау-бақшада еңбек қыза түседi. Егіндердің түбі қопсытылады, тыңайтқыш салынады, суарылады, зиянкес жәндіктерден тазартылады. Зиянкестерді жоюда қара тамақ боз торғай, қара торғай, қарлығаш, шымшық, сары шымшық сияқты құстар үлкен көмек береді.

Табиғаттану, 4 сыныб, Бахрамов А.Д., Шарипов Ш., Набиева М., 2017


Күн — Жердегі тіршілік көзі.
Күн шексіз әлемге тынымсыз жарық таратып тұрады. Осы жарықтың бір бөлігі ғана Жерге келеді. Жердегі бүкіл тірі табиғат — өсімдік пен жануарлар, сондай-ақ адамзат Күннің жарығы болғандығынан бар.

Егер кенеттен Күн ғайып болып қалса, онда Жерде қандай өзгерістер жүзеге келуі мүмкін? Ең алдымен, барлық жаққа қараңғылық орнайды. Аспандағы Айдың жарығы да жоғалады. Өйткені Ай өзінен жарық шығармайды, ол тек Күн сәулесін айна сияқты бізге қайтарады. Күннің жарығы болмай қалса, Жер жүзі тез суып кететін еді. Барлық жақты қар-мұздықтар қаптап жататын. Өзендер мен арықтардағы, тіпті су құбырындағы сулар да тоқтап қалатын еді. Қысқасы, барлық жақты үрейлі қараңғылық басып, қаһарлы суық қаптап алатын еді. Күн жарығынсыз өсімдіктер де өспейді, жануарлар да жасай алмайды. Жеміскөкөністер, азық-түліктер да болмайтын еді. Сондықтан Күн — Жердегі тіршілік көзі деп айтуға болады.

МАЗМҰНЫ.
Кіріспе.
Жер – Күн жүйесіндегі ғаламшар.
Жұлдыздар. Күн.
Ғаламшарлар.
Кіші ғаламшарлар.
Үлкен ғаламшарлар.
Күн жүйесіндегі басқа аспан денелері.
Космонавтиканың қысқаша тарихы, іс жүзіндік міндеттері.
Ай – Жердің табиғи серігі.
Жер шары. Глобус.
Күн мен түн. Жыл мезгілдерінің алмасуы.
Жер беті табиғатының саналуандығы.
Көкжиек және оның жақтары.
Жер жүзінің негізгі формалары.
Жер асты байлықтары.
Карталар.
Өзбекстан Республикасының табиғи картасы.
Су қоймалары.
Өсімдіктер жəне жануарлар әлемі.
Табиғат зоналары.
Шөлдер мен алқаптар.
Өзбекстан адырлары.
Өлкеміз тауларының табиғаты.
Ормандар.
Өзбекстандағы табиғи байлықтар.
Өзбекстан қорықтары.
Отанымыз бойлап саяхат.
Отанымыз картасы жанында.
Ташкент қаласы мен Ташкент облысының табиғаты.
Наманган, Әндіжан және Ферғана облыстарының
табиғаты.
Сырдария, Жызақ және Самарқант облыстарының табиғаты.
Қашқадария және Сұрхандария облыстарының табиғаты.
Бұхара және Науаи облыстарының табиғаты.
Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысының табиғаты.
Өзбекстан табиғатын қорғау.
Өзбекстан табиғат ескерткіштері мен тарихи көне ескерткіштері.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Табиғаттану, 4 сыныб, Бахрамов А.Д., Шарипов Ш., Набиева М., 2017 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Теги: :: :: :: :: ::


 


 

Книги, учебники, обучение по разделам




Не нашёл? Найди:





2024-12-22 00:12:09