Бұл кітапты алгебра пәнін оқып жаңа үйрене баста-ған адамдарға арналып, оқай әрі түсінікті жазылған оқулық деп қарауға болмайды. Осы серияда жазылған меніқ басқа да шығармаләрым тәрізді, бұл «Қызықты алгебрам» да -— алдымен айтқанда, оқулық құрал емес, тек былайша, еркін оқуға арналған кітап. Бұл кітаптьі оқитын адамдардың алгебрадан шала да болса түсінігі, біразы ұмытылғанымен азды-көпті есте калған білімі болуы қажет.








