Учебник по истории для 9 класса на казахском языке.
Сен тәуелсіз Өзбекстан перзентісің. Дүние жүзі тарихын оқығанда елбасымыз Шавкат Мирзияевтің «... дүниеде, айналамызда қоға-мымыздағы түрақты жағдайды ізінен шығару, адамдар арасына жікшілдік салу, дүшпандық түқымын себу, түрлі кақтығыстарды туғызу және тіптен қан төгілуін тілейтін күштер де, өкінішке орай, жок емес» деген сөздерін есте сақтауың және оның түптамырлары XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бас кезіне барып тірелуін білуің керек.
Сен жалпы орта білім беретін мектептің 9-сыныбына өттің. Сен 8-сыныпта «Дүние жүзі тарихы» бойынша XVI ғасырдың бас кезінен XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуірді біліп алғансың. Бүл дәуірде коғам өркендеуінде даму күшейді. Өндіріс іріленді. Саяси демократия ресмиленіп, жоғары топтың үстемдік формалары жетілді. Сен дүние жүзі тарихының ең кызық, сонымен бірге, күрделі дәуірін окисың. Өйткені бүл дәуірде дүниеде үлкен өзгерістер болды. Бүл дәуірдің негізгі белгісі - өндірісте монополистік капитализм орнады. Әр түрлі синдикаттар, картельдер, концерндер жүзеге келді. Өндіріс орталықтанды, шетелге капитал шығару басталды. Көптеген мемлекеттер 100 жылда жете алмаған дамуға қол жеткізді.








