Учебник по истории для 11 класса на казахском языке.
XX ғасырдың соңғы жылдары және XXI ғасырдың басындa Өзбекстан тарихы үшін мүлдем жаңа бет ашылды. Ол тарихи дәуір ретінде түбегейлі бұрылыс оқиғасын бастап берді. Өзбекстанның кеңес жүйесі жағдайындағы соңғы жылдардағы және егемендік даму дәуірі халқымыздың бірнеше мың жылдық тарихындa өзінің мазмұны, мәні, үдерістердің жылдамдығы, оқиғажағдайлардың қарқындылығымен айрықша ерекшеленіп тұрады.
Оқулықта Өзбекстанның мемлекет тәуелсіздігіне жетуi, жаңа қоғамғa өту дәуірінде саяси бет бұрылыстардың жүзеге асырылуы, Өзбекстанда құқықтық демократиялық мемлекеттің құрылуы, азаматтық қоғамның қалыптастырылуы, экономикалық қайта құруларды тереңдетуге тиісті шаралар, діни-рухани пәктену және ұлттық құндылықтардың қайта қалыптасуы мен Өзбекстанның дүние жүзі қоғамдастығынан лайықты орын алуы сияқты мәселелер айтарлықтай өз сипатын тапқан.








