Қазақ тілі, 7 сынып, Мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулық, Мирзахмедова Р., Байдиллаева Д., 2022.
Учебник по казахскому языку для 7 класса на казахском языке.
Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер мен ойсергектер, ойындар жинақталған. Оқу үдерісіне шығармашылықпен қолдануға ұсынылатын бұл көмекші құралдағы материалдар алғаш рет алфавиттік жүйемен беріліп отыр.
«Өмір бойы білім алу – әр оқушының өмірлік кредосына айналуы қажет», – деген сөз ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Бұл жинақта осыны басты назарда ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттық. Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.
