Учебник по литературе для 7 класса на казахском языке.
Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастап, 7-сыныпқа да аяқ бастық. Өздеріңмен әдебиет атты әлемде қайта кездескенімізге қуаныштымыз.
Бәрімізге белгілі, әдебиет – өмір айнасы, халық өмірінің көркем шежіресі. Өйткені көркем әдебиетте халықтың өмірі мен бүгінгі таңдағы тірлік-тынысы, қол жеткен табыстары, күйініш-сүйініштері, еселі еңбектері, әрбір дәуір келбеті, замана сыры жан-жақты көркем сипатталады. Адамдар арасындағы қарымқатынастар мен олардың, алға қойған мақсат-мұраттары, асқақ армандары, өмірге деген көзқарастары шеберлікпен суреттеледі.
![Әдебиет, 7 сыныб, Сейданов Қ., 2022 Әдебиет, 7 сыныб, Сейданов Қ., 2022](/img/knigi/ruslit/1663/166300.jpg)