Учебник по изобразительному искусству для 7 класса на казахском языке.
Қадірлі оқушылар! Сендер бейнелеу өнері негіздерінен сабақ алып, оның түрлері мен жанрлары, танымал суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлері, мүсіншілер және олардың шығармалары туралы білімдерге ие болдыңдар, бейнелеу өнерінің бірер түрі немесе жанры бойынша дербес шығармашылық жұмыс орындау бойынша өз таланттарыңды жарыққа шығаруды үйреніп алдыңдар. Бұл оку жылында бейнелеу өнері сабақтары қорытындыланады. Сондықтан да ұстаздарыңнан “Бейнелеу өнері” оқу пәні бойынша көбірек білім алуға үмтылыңдар. Әсіресе бейнелеу өнерінің күрделі тақырыптары — өнердегі ағымдар мен бағыттар, рәміздік заңдылықтар, ежелгі кітап өнеріне қатысты білімдерді зейін қойып меңгеріп алуларың қажет. Өйткені сендер қазір өз таланттарың, көркем-эстетикалық шеберліктерің, бейнелеу өнеріне қатысты білімдерің арқылы үстаздарыңды, құрбы-құрдастарың мен ата-аналарыңды асқан ризалық сезіміне бөлеуге қабілетті жастасыңдар.








