Учебник по химии для 9 класса на казахском языке.
Адамзат сонау ерте замандарданақ химиялық заттармен және құбылыстармен таныс болғаны көне тарихтан белгілі. Химияның алғашқы өркендеп-даму кезеңдеріндегі ойлар мен пікірлердің, көзқарастар мен зерттеулердің үздіксіз алға басуында көптеген шетелдік ғалымдармен қатар өзбек ғалымдарының да лайықты үлестері бар.
Өзбекстан аумағында өмір сүрген халықтардың күнделікті тіршілігінде кен қазу, темір балқыту, шойын қорыту, шыны дайындау, қыш бұйымдар жасау сынды істер, химиялық заттарды пайдалана отырып жасаған өрнектер, қағаздар, жазулар, парфюмерлік заттар үшін қажетті сынап пен оның қосылыстары, эфир майлары, сурьма және өсімдіктерден дайындалған дәрілік заттар кеңінен қолданылғаны жайлы мағлұмат-деректер жеткілікті.








