Физика, 6 сыныб, Турдиев Н.Ш., 2017.
Учебник по физике для 6 класса на казахском языке.
Қолдарыңдағы кітап – сендер үшін жаңа оқу пәні болып табылатын «Физика» оқулығының алғашқысы. Бұдан кейінгі 7, 8, 9-сыныптарда физика пәнін оқып-үйренуді одан әрі жалғастырасыңдар.
Бұл оқу пәнін үйренудің не қажеті бар?
Айналаңа көз салғаныңда, жапалақтай жауып тұрған қарды немесе нөсерлете құйған жаңбырды, көк жүзінде қалқыған бұлттарды, тастантасқа секіріп сылдырлай ағып жатқан бұлақты немесе тау қойнауынан сарқырай құлаған асау өзенді көресің. Олардың барлығы да – табиғат құбылыстары. Бізді қоршаған ортадағы табиғи өзгерістер өмірімізге де тікелей ықпалын тигізеді. Табиғат үдерістерінің заңдылықтарын үйрену біз үшін оны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік туғызады. Адам баласы табиғат заңдылықтарын үйрену барысында өзінің еңбегін жеңілдететін машиналарды ойлап тапқан. Қазір біз күнделікті өмірімізді электр энергиясынсыз, жанармайсыз, таза сусыз елестете алмаймыз. Электр энергиясын өндіретін машиналардың, электр энергиясы мен жанармайдың көмегімен жұмыс істейтін қондырғылардың негізін сендерге физика пәні үйретеді.
Машиналар мен механизмдерді басқару және жөндеу, тұрмыстық техниканы ұтымды пайдалану кезінде сендерге физика пәнінен алған білімдерің өте-мөте қажет болады.
