Заң терминдерінің қамтитын аясы өте кең. Бұл сөздік кітап, конститутциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбек және әлеуметтік құқықтық қатынастар, тағы да басқа күнделікті тұрмысымызда ең көп әрі жиі қолданылатын лексикалық шоғыр – құқық терминдерін орнықтыруға, сол арқылы тілдік-стильдік тұрақтылыққа жетіп, мемлекеттік тілді шынайы ресми қарым-қатынас құралына айналдыру мақсатын көздейді. Сөздіктің негізіне Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінде тікелей қарастырылып, бүгінгі таңда кеңінен қолданылып жүрген терминдер мен сөз тіркестерінің мемлекеттік және ресми тілдегі аудармасын негіздеп береді. Сөздік заңгер мамандарға, аудармашы-журналистерге, мемлекеттік қызметшілер мен депутаттарға, студенттер мен магистрантарға, сондай-ақ, жалпы оқырман көпшілікке пайдалы.
