Цифрлық сауаттылық, 3 сынып, Қадырқұлов Р.А., Рысқұлбекова Ә.Д., Беристемова Н.Қ., 2021.
Жаңа оқу жылында «Цифрлық сауаттылық» пәнімен жұмыс істеуді жалғастырып, төменгі сыныптарда алған біліміңді дамытасың. Scratсh программалау ортасында қызықты жобалар дайындап, циклдік алгоритмдерді құрып үйренесің. Сахнаны басқаруға, спрайттың костюмдерін ауыстыруға арналған командаларды қолданып, шағын ойын жобаларын құрастырасың.